{metadescription}
АҚШ-та Гүлнар Кәрімоваға алаяқтық жасады деген айып тағылды

АҚШ-та Гүлнар Кәрімоваға алаяқтық жасады деген айып тағылды

Нью-Йорк штатының прокуратурасы Ислам Кәрімовтың қызы Гүлнар Кәрімоваға және «Өзбекстан-МТС» компаниясының басшысы Бехзод Ахмедовқа айып тақты.

Нью-Йорк штатының прокуратурасы жариялаған құжатта, биліктің Ахмедов пен Кәрімоваға заңсыз схемаға қатысы бар деген айып тағып отырғаны жазылған. Осы алаяқтықтың көмегімен Кәрімова 865 млн АҚШ долларын алмақшы болған екен.

Естеріңізге сала кетсек, МТС компаниясы Әділет министрлігімен және АҚШ-тың бағалы қағаздар жөніндегі комиссиясымен келісімшарт жасасқан болатын. Және бұл іс бойынша  850 млн АҚШ доллары көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеді. Ал Кәрімова қазір Өзбекстандағы жалпы тәртіптегі түрмеде жазасын өтеп жатыр.

Дереккөз: stan.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде