{metadescription}
Ақтөбелік тұрғын қыс бойы қардан бірнеше көліктің мүсінін жасады

Ақтөбелік тұрғын қыс бойы қардан бірнеше көліктің мүсінін жасады

Ақтөбелік Әлімбек Бағымов қымбат көліктер мен әскери техниканы қардан қалайды.

Ақтөбе облысы Шалқар ауданының тумасы Әлімбек Бағымов қазір Ақтөбе қаласы маңында Қурайлы ауылында тұрады. Балық шаруашылығын қолға алған кәсіпкер қыстағы бос уақытында қардан түрлі мүсін жасап, көпшілікті таңқалдырды.

«Өзімнің 5 балам бар. Қыста жұмыс аз болып, үйде көп отырдым. Балалар қызықтасын, денсаулыққа пайдасы болсын деген оймен қандан түрлі көлік жасауды қолға алдым. Шынын айтқанда, қан қысымы қалыпқа келіп, балаларым ерекше қуанышқа бөленді. Ауламыздағы қар да тазарды. Өткен жылы бір көлік жасап, биыл бірнешеуі соғылды. Соның арқасында көршілерімді танып, арамызда қарым-қатынас нығайды. Тіпті қонаққа шақырып, құрмет көрсетіп жатыр», - деді Әлімбек Бағымов.

Ол қыс бойы трактор, қымбат шетелдік көлік пен танк те жасады. Маркасы әртүрлі, шығармашылыққа еркіндік берілген.  

«Ең бірінші Гелендваген жасалды. Кейін танкті қардан соқтым. Оны интернет арқылы қарап, жасадым. Негізі қарды үю үшін 2-3 күн керек. Ал мүсінді жасауға 1-2 сағат жұмсалады. Балаларым асыр сап ойнап, қызығын көрді. Мектеп жанында тұрған соң оқушылар да көп келеді. Өзім оқушы кезімде сурет салдым. Бұл жұмыс мен үшін қызықты әрі өзіме жақсы көңіл-күй сыйлайды», - деді ол.  

Әлімбек Бағымовқа тапсырыс беретіндер де көп. Ауылдағы көршілері балалардың ойын алаңын жасап, ағаш отырғызуды да ұсынды.  

«Зеңбірек, кеме жасауды сұраған адамдар бар. Қазір көктем келді, бірақ келер жылы тағы осы істі жалғастырғым келеді», - деді Әлімбек Бағымов. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде