{metadescription}
Геннадий Головкин рингке оралады

Геннадий Головкин рингке оралады

Геннадий Головкин DAZN стриминг платформасының атқарушы директоры Джон Скипермен бірге баспасөз мәслихатын өткізбек.

Баспасөз мәслихаты дүйсенбі күні Лос-Анджелесте (Калифорния штаты, АҚШ) өтеді. Онда Головкин өзінің жақын арадағы жоспарларымен бөліседі. Ал DAZN жетекшісі ынтымақтастықтың жаңа қырларымен таныстырады, деп жазады ҚазАқпарат.  

Головкин DAZN ұйымымен келісімшарт жасады.  Ол 3 жылға есептелген, оның ішінде қазақстандық боксшы 6 кездесу өткізеді. Геннадий жылына екі жекпе-жек өткізетін болады. Келісімшарт уақыты аяқталған соң ол мансабымен қош айтыспақ. Қазақстандық боксшының DAZN аясындағы алғашқы кездесуі маусымда өтеді. Оның бәсекелесі әзірге  белгісіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.