20 мыңнан астам адам жарықсыз қалды
АҚШ-та ауа райының қолайсыздығына байланысты 20 мыңнан астам адам жарықсыз қалды.
11:12 10.03.2019
Көптеген АҚШ штаттарында қатты дауыл болды. Метеорологиялық қызмет ауа-райының нашарлауы туралы ескертеді. Арканзас пен Техас штатында ауа-райының қолайсыздығына байланысты 20 мыңнан астам адам электр қуатынсыз қалды. Бұл туралы NBC хабарлады. АҚШ Ұлттық Метеорологиялық Қызметінің деректері бойынша, сенбі күні екі торнадос Арканзас штатында пайда болған.
Билік өкілдері атап өткендей, зардап шеккендер туралы ақпарат әзірге жоқ. Бірақ бірнеше ғимарат бұзылып, электр желілері бүлінген. Нәтижесінде Арканзаста 13,5 мыңға жуық адам, Техаста 10 мыңнан астам адам жарықсыз қалды.
АҚШ-тың метеорологиялық қызметінің мәліметінше, елдің солтүстігіндегі бірқатар штаттарда қалың қар жауу, боран мен қатты жел болады деп күтілуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!