{metadescription}
Астанада өртке оранған тұрғын үйден 25 адам құтқарылды

Астанада өртке оранған тұрғын үйден 25 адам құтқарылды

Құтқарушылар тұрғын үйден 50 адамды эвакуациялады, олардың 12-сі балалар.

Бүгін күндізгі 11:16-да Орталық өрт сөндіру байланыс пунктіне Құбайдербіұлы көшесі, 31/1 үйден өрт тұтанғаны туралы хабар келген. Жеті минутта оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер тоғыз қабатты тұрғын үйдің 2-қабатындағы пәтерлердің бірінде жатын бөлмедегі жиһаз және тұрмыстық бұйымдар өртеніп жатқанын анықтайды.

Қалың түтін салдарынан адамдарға қауіп төніп, өрт сөндірушілер бірден құтқару шарасына кіріскен. Автобаспалдақтың көмегімен 25 адам құтқарылды, олардың төртеуі балалар. Ғимараттан елу адам эвакуацияланыпты, арасында 12 бала бар. Өрт 11.33-те ауыздықталып, сөндірілді. Апат себептері тексеріліп жатыр. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 25 адам және жеті техника жұмылдырылған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.