Дмитрий Баландин Словенияда екі «алтын» жеңіп алды
Словенияда жүзуден әлем чемпионаты мен Олимпиада ойындарына іріктеу санатына жататын халықаралық турнир басталды.
08:12 11.03.2019
Бірінші жарыс күнінде қазақстандық спортшылар 11 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz. Дмитрий Баландин 50 және 200 метрге брасс әдісімен жүзуден чемпион атанды. Сондай-ақ, еркін әдіспен 50 метрге жүзген Александр Варакин де тұғыр бигінен көрінді. Осы бағдарламада Әділ Қасқабай үздік үштікке енген.
Аделаида Пчелинцева 50 метрге брасс әдісімен жүзуде жеңімпаз атанса, Әділбек Мусин 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден екінші орын иеленді. Диана Назарова 100 метрге шалқалап жүзуден алтын иеленсе, Алина Костенко 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден қола жүлдегер атанды. Әділ Қасқабай, Әділбек Мусин, Артур Шагинян, Ален Охотинский төрттігі эстафетада алтын алса, қыздар командасы екінші орыннан көрінді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!