Қоқысқа толы пәтерден маугли-қыз табылды
РФ тергеу комитеті жабық бөлмеден тапқан бүлдіршіннің пәтерін видеоға түсіріп жариялады.
10:33 11.03.2019
Пәтерде қоқыстың тізеден келетіндей үйіліп қалғаны, жуылмаған ыдыс-аяқтың қаптап тұрғаны, жиһаздардың шашылып жатқаны, үйдің астаң-кестеңі шығып жатқаны байқалады. Полицейлері көршілердің шағымынан соң пәтерді ашып көрген. Көршілері әлдеқандай бүлдіршіннің күні-түні жылағанын айтып шағымданыпты. Бүлдіршін әбден арықтап, анорекцияға шалдыққан, терісіне алқасы жабысып өсіп кеткен.
БАҚ өкілдері қызды Маугли деп атап кетті. Бүлдіршіннің анасы тұтқындалды. Оны тергеушілер жауапқа алуда. Оған қатысты "Адам өлтіруге оқталу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!