Алматы орталығында атыс болды
Алматыда «Рахат палас» қонақ үйінің қасында атыс болып, 4 күдікті ұсталды.
11:30 11.03.2019
Бұл туралы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек хабарлады.
«Атыс 7 наурызда Бостандық ауданында Сәтпаев Байзақов көшесі қиылысындағы қонақ үйлердің маңында болған. Бұл дерекке байланысты 4 күдікті ұсталды. Олар уақытша оқшаулау орнына қамалды. Олар уақытша қамау изоляторына еткізіліп, тергеу жүріп жатыр», - деді Салтанат Әзірбек.
Оқиғадан ешкім зардап шекпеген. Инстаграм желісіндегі kris_p_almaty парақшасында 7 наурыз күні Бостандық ауданында болған атыстың видеосы жарияланды. Видеода қара Gelandewagen қасында бірнеше ер адамның әңгімелесіп тұрғанын көруге болады. Аяқ астынан олардың қасына қолына бірдеңе ұстаған ер адам келеді. Адамдар жан-жаққа қашады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!