Алдағы тәуліктерде күн 20 градусқа дейін жылынады
Антициклон жылы және жауын-шашынсыз ауа райын ұстап тұрады.
13:25 11.03.2019
Синоптиктер 12-14 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды «Қазгидромет». Үш тәулік бойы антициклон Қазақстанның көптеген облыстарына ықпал етеді.
«Республиканың басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз, күн ала бұлтты, ауа температурасы 0...+8°С градус, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыста +12...+20°С градус болады. Бұл климаттық нормадан 4...10°С градусқа жоғары. Ресейдің Еуропалық бөлігінен ауысып келетін атмосфералық фронттардың ықпалынан еліміздің батыс және солтүстік аймақтарында жауын-шашын жауып, тұман түседі және көктайғақ болуы ықтимал», - делінген хабарламада.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!