Астанада көлікті ұрлап айдап әкеткен адам ұсталды
Астанада полицейлер автомобильді ұрлап айдап әкеткен адамды ұстады.
21:03 11.03.2019
Баспасөз қызметінің мәліметінше, полицияға тұрғын үй ауласынан Hyundai маркалы автомашинаны ұрлап әкеткені туралы хабарлама келіп түскен. Ұрланған көлікті анықтау және қылмыскерді ұстау үшін «Тосқауыл» жарияланып, патрульдік жасақтарға бағдар берілген.
«Бейнебақылау камераларын қарау барысында Жедел басқару орталығының инспекторы аталған автомашинаны Мәңгілік ел даңғылы бойында байқаған. Ақпарат шұғыл түрде жақын жердегі патрульдік полиция жасақтарына жіберілді. Күдікті бойтасалау үшін жол ережесін өрескел бұзып, көшедегі басқа да жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге қауіп төндіре отырып, қозғалысты жалғастырған», - делінген хабарламада.
Полиция қызметкерлері, автомобильді айдап әкеткен күдіктіні ұстады. Қазір аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!