{metadescription}
Түркістан облысында жоғалып кеткен 40  түйе табылды

Түркістан облысында жоғалып кеткен 40  түйе табылды

Түркістан облысында полицейдер жоғалған малдарды иесіне тауып берді.

Малшының іздеу салған малы қараусыз, он шақырым жерде жайылып жүрген болып шықты. Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, түйелердің жоғалғаны туралы Созақ аудандық полиция бөлімінің кезекшілік бөліміне жергілікті екі тұрғын арызданған. Бірақ ол туралы құзырлы органдарға тек қаңтар айында хабарланған. Олар бос жайылымнан 40  түйенің жоғалғандығын айтқан.  

«Жоғалған түйелерді тездетіп іздеу мақсатында полиция бөлімінің қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Бірнеше мобильдік топ жақын жердегі бос жайылымдық жерлер мен тағы да басқа аумақтарды түгелімен тексеріп шықты. Полицейлер дереу іздестіру жұмыстарына кірісіп, бүкіл аймақты тінтіп шығады. Ал жоғалған малдар жақын маңайдан табылған. Сөйтіп заңды иелеріне қайтарылды. Жергілікті тұрғындар тәртіп сақшыларына малдарын іздеу барысында кәсібилік пен жеделділік танытқандары үшін  алғыстарын білдірді»,- делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.    

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде