Ақтөбеде перзентхандада өрт шыққан кезде 2 әйел босанды
Ақтөбеде перзентханада матрац жанып, 500-ге жуық адам құтқарылды.
14:07 12.03.2019
«Бүгін сағат 10:23-те Ақтөбеде перинатальды орталықтың жертөлесіндегі матрац жанды. Өрт 10:40-та өшірілді. Барлығы 491 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Олардың 300-ден астамы перзентхана қызметкері, 97-сі ана. Олардың арасында78 нәресте бар. Оқиға орнына 62 өрт сөндіруші мен 11 техника жіберілді. Апатты медицина орталығы мен Жедел құтқару жасағынан 7 адам, 2 техника барды. Жалпы ауданы 5 шаршы метр аумақ өртенді», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Ақтөбеде перинатальды орталық қызметкерлерінің айтуынша, дәл сол кезде 2 жүкті келіншек босанды.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!