Әскерилер мінген ұшақ апатқа ұшырады
Венесуэланың шығысында Боливар штатында 11 наурыз күні Cessna 206 жеңіл ұшағы апатқа ұшырады.
16:50 12.03.2019
Бортта елдің әскери күштерінің үш полковнигі мен бір сержант болған, деп хабарлайды El Nacional. Ұшақтың Гран-Сабана ауданында құлағаны аталып өтілген.
Әзірге әскери қызметшілердің аман қалғаны немесе мерт болғаны белгісіз. Әуе кемесінің неліктен құлағаны да жарияланбады. Ұшақ Aerotransporte La Montaña-ға тиесілі.
Естеріңізге салайық, Адис-Абебадан Кения астанасы Найробиге ұшып бара жатқан Ethiopian Airlines компаниясының ұшағы жексенбі күні таңертең апатқа ұшырады. Бортта 149 адам және экипаждың жеті мүшесі болған. Барлығы қаза тапты.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!