Көпшіліктің алдында сөз салған жігіт сүйіктісімен бірге түрмеге жабылды
Иранда сүйіктісіне сауда үйінде сөз алған жұп қамауға алынды.
18:13 12.03.2019
Оқиға 8 наурызда Эрак қаласында болған. Ер адам көпшіліктің алдында сүйіктісіне ұсыныс жасап, өзіне тұрмысқа шығуын сұрайды. Осы сәт түсірілген видео желіде тарап кетеді.
Артынша жұрттың алдында сезімдерін ашық көрсеткен екі жастың әрекеті полиция қызметкерлерінің назарын аударған. Иран билігінің тарабы "сезімін көпшілік алдында білдіру ислам заңына қайшы" деген жауап беріп отыр. Осыдан кейін полиция ғашықтарды тұтқындаған. Алайда біраз уақыт өткеннен кейін оларды кепілмен босатты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!