Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі 13 жастағы оқушыны жарты жыл бойы спортзалда зорлаған
Тергеу барысында ұстаздың оқушы қызды 15 рет зорлағаны анықталды.
08:05 13.03.2019
Саха Республикасының Якутск қаласы шетіндегі мектептердің бірінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі 13 жастағы оқушы қызды спортзалда зорлаған. Тергеу барысында анықталғандай, 2017 жылдың желтоқсанынан бастап 2018 жылдың мамырына дейін азғын ұстаз 29 рет спортзалда, көлігінде және пәтерінде қылмыс жасаған. Дәлірек айтқанда, жасөспірім қызды 15 рет зорлап, 14 рет сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық көрсетіпті.
Оқушының ата-анасы бұл сұмдық жайында қызының телефон арқылы мұғаліммен хат-хабар алмасуынан білген. Педагог бірден ұсталып, қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар, мектептегі жұмысынан шығарылды. Оқушы қызға психологиялық жәрдем беріліп, оңалту шаралары тағайындалған.
Мұғалім кінәсін мойындамағанымен, тергеушілер тиісті шаралар арқылы оның қылмысқа қатысы барын дәлелдеді. Мектеп басшылығы да дисциплиналық жауапкершілікке тартылды.
Дереккөз: sputniknews.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!