{metadescription}
Ақтауда шаяндар теңіз жағасына шығып қалды

Ақтауда шаяндар теңіз жағасына шығып қалды

Приморский шағын ауданы маңындағы теңіз жағалауын шаяндар қаптады.

Бұған теңіздегі дауыл әсер еткен. Қатты толқынның кесірінен қысқы үзілістен шыққан әлсіз шаяндар жағаға шығып қалды. Ақтаулықтар жағалауға барып, теңіз жәндігін жинап жүр.  Құзырлы органдар сәуір айының 1-нен 15-не дейінгі аралықта облыс бойынша теңізде шаян аулауға тыйым салынатынын айтуда. Өйткені, осы уақыт аралығында теңіз жәндігі ұрықтанады. Заңға қайшы әрекет ететіндер табылса, жауапқа тартылып 50 мың теңгеден аса қаржы көлемінде айыппұл төлейді.

«Қазір экология департаментінің мамандары теңіз жағалауынан су алып, зерттеуге жіберді. Қорытындысын күтеміз. Бұл тек осы жерде болып отырған жағдай. Басқа жақта мұндай мұндай оқиғаларды кездестірмедік. Сондықтан алаңдауға негіз жоқ. Барлық шаяндар қатты толқынның әсерінен жағалауға шығып қалған»,-дейді Маңғыстау облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Әдізал Шиxметов.      

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде