Қазақстандағы Халыққа қызмет көрсету орталықтары уақытша жұмысын тоқтатты
Қазақстанда автокөлік тіркеу мен жүргізуші куәлігін беру техникалық ақаулар салдарынан уақытша тоқтатылды.
13:14 13.03.2019
«Техникалық ақауларға байланысты мамандандырылған ХҚО-лар мен әкімшілік полицияның тіркеу-емтихандық бөлімдерінде көлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәлігін беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету ақау жөнделгенге дейін уақытша тоқтатылды», - делінеді хабарламада.
Комитеттегілер қолайсыздықтар үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады:
«Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және шыдамдылық пен түсіністік танытуларыңызды сұраймыз. Жұмыстың қалыпқа келтірілгені туралы ақпарат қосымша хабарланатын болады», – делінген «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!