Қазақстанда неміс технологиясымен 1000 дәретхана салынбақ
Мәдениет министрі аталған мәселенің туризмді дамыту үшін өте маңызды екенін атап өтті.
14:11 13.03.2019
Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ҚР мемлекеттік туризм саласын дамыту жобасына арналған баспасөз конференциясында елімізде неміс технологиясымен мың дәретхана салынатынын айтты. Бүгінде қажетті қаржы есептелініп жатыр, дейді ол.
«Жекеменшік инвестор, әкімшіліктер үлесін қосады және қаржыны «Қазавтожол» алады. Оның күтімін жүзеге асыру үшін Инвестиция және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірге қажетті қаржыны есептеп жатырмыз», - дейді министр.
Өз сөзінде ол еліміздегі дәретхана мәселесі 2025 жылға дейін толығымен шешіледі деп уәде етті. Сонымен қатар дәретхана мәселесін көтерген Марғұлан Сейсембай мен Мұхтар Тайжанға алғыс айтты, деп жазады stan.kz.
«Дәретханалар толығымен инвестициялар арқылы жүзеге асырылады.
Біз тек оның қолданысқа енуіне септік етеміз. Осыған мұрындық болған Марғұлан Сейсембай мен Мұхтар Тайжан сияқты азаматтарымызға рахмет айтамыз», - дейді Мұхамедиұлы.
Еске сала кетсек, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында Риддер мемлекеттік емханасында қоғамдық әжетханаға іштегі адам көрініп тұратын есік қойғанын хабарлаған едік.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!