Мәскеуде табылған маугли қыз сөйлей бастады
Мәскеуде қоқысқа толы пәтердің ішінен табылған 5 жасар маугли қыз сөйлей бастады.
18:25 13.03.2019
Мәскеу қаласындағы Башляева атындағы балалар клиникалық ауруханасының бас дәрігері Исмаил Османов үй-жайдан құтқарылған қыздың жағдайы туралы айтты. Дәрігердің айтуы бойынша, қыз өткір немесе созылмалы күйзеліске байланысты уақытша сөйлей алмай қалған.
Бүгінде ол бірнеше сөздерді айта бастаған. Кішкентай қыздан қандай да бір қауіпті ауру табылмаған. Алайда, гигиенаның болмауына байланысты спиральдың бір бөлігі қыздың терісіне бітіп өсіп кеткен, бірақ ота арқылы алынып тасталды.
«Кейбір сөздерді айтады, атын атасаң қарайды. Күлімдеп, ешкімнен де жатырқамайды. Біз логопедтер мен психологтардың көмегімен баланы толыққанды қалпына келтіруге тырысамыз», - дейді бас дәрігер.
Еске сала кетсек, Мәскеудегі қоқысқа толы пәтерден маугли қыз табылған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!