Димаш Тhe World's Best байқауынан кетті
Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Американың The World's Best шоуынан кететінін мәлімдеді.
10:27 14.03.2019
Димаш Құдайберген Adagio әнін орындағаннан кейін, мәлімдеме жасады. Ол балалармен сайысқа түскісі келмейтінін айтып, шоуға қатысудан бас тартты. Бұл туралы әлеуметтік желіде жарияланған видеодан белгілі болды.
«Сіздердің алдарыңызда өнер көрсету мен үшін үлкен бақыт екенін айта келіп, бүгін екі балапанмен бірге сайысудан бас тарту керекпін. Сол себептен сіздердің рұқсаттарыңызбен бұл сайыстың тізгінін кішкентай бүлдіршіндерімізге қалдырғым келіп отыр», - деді Димаш.
Финалда Димашпен бірге Данэлия Тулешова мен Лидиан Надхасварам қалған болатын. Қазақстандық әнші «The World's Best» байқауының алғашқы турларында әнсүйер қауымның құлағының құрышын қандырған композициялар орындап, көпшіліктің көңілінен шықты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!