Футболшы пенальти тебе алмай, тарихта қалды
Англияда футболшы пенальтиді ебедейсіз теуіп, "тарихта қалды".
17:44 14.03.2019
"Суонси Сити" шабуылшысы Берсант Целина чемпионшиптегі (Англияның екінші дивизионы) "Вест Бромвичке" қарсы ойында пенальтиді өте ебедейсіз орындады. Әлеуметтік желіде бұл пенальтиді "тарихтағы ең нашар" деп атап кетті.
Тайм соңында "Суонси" футболшылары 11 метрден соққы жасау мүмкіндігін алды. Пеанльтиді Целина тебетін болды. Жүгіріп келіп допқа таяғанда футболшы тайып, аяғы дұрыс тимей қалды. Осылайша, қисық кеткен допты қорғаушы алаңға бағыттап жіберді.
Дереккөз: vesti.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!