Екі жасар бала 5 күн бойы тауда жалғыз болып, аман қалған
Никарагуаның солтүстігінде екі жасар бала сусыз, тамақсыз 5 күн бойы тауда болған.
21:00 14.03.2019
Екі жастағы Энтони Йохендри Монтенегро Эррераны көршісі Марвин Гомес үйінен 300 метр қашықтықта тапқан. Баланы ауруханаға жеткізіп, дәрігерлер тексерісінен өткен.
Дәрігерлердің айтуынша, екі жастағы бөбектің терісі тітіркенгенімен, денсаулығына зиян келмеген. Олар екі жасар баланың бес күні бойы аш-жалаңаш қалай жатқанын, қалай аман қалғанына жауап таба алмауда.
Баланың әкесі Лазаро Монтенегроның болжамы бойынша, баланы біреулер ұрлап кетіп, біршама уақыттан кейін еркіне жібере салған. Қазір таңда балақай ауруханада жатыр. Тәртіп сақшылары тергеу жүргізіп, оқиғаның ақ-қарасын анықтауда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!