Әйел пәтер үшін қайтыс болған ер адамға тұрмысқа шыққан
Уфа тұрғыны қайтыс болған бөгде адамның үйін иеленіп алып үшін, өзін марқұмның әйелімін деп жариялады.
13:56 15.03.2019
Ол марқұммен таныс болмаған екен. Бұл туралы Башқұртсан республикалық прокуратурасының сайты хабарлайды. Прокуратура мәліметінше, оқиға 2017 жылы болған.
Егде жастағы ер адам қайтыс болғаннан кейін оның Уфаның орталығындағы бір бөлмелі пәтері бос тұрғанын білген әйел марқұмның артында ұрпағы қалмаған деген тұжырым жасаған. Мұнан кейін ол өтірік неке куәлігін жасатып алып, марқұмның мұрагері болу үшін сотқа жүгінген.
Сот оның өтінішін қарап, бұған дейін марқұмның қарындасы мұрагер ретінде танылғанын анықтады. Сонымен қатар АХАЖ-ға сауал жіберіліп, ондағалыр марқұм мен куәлкті ұсынған әйелдің некеге тұрмағанын көрсетті. Нәтижесінде әйел аса қомақты көлемде алаяқтық жасамақ болды деп айыпталды. 2019 жылдың 13 наурызыеда қалалық прокуратура айыптау қорытындысын бекітіп, іс сотқа жіберілді. Неке туралы куәлікті берген қызметкерлерге қатысты тексеріс жүргізіліп жатыр.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!