Елімізде алдағы демалыста күн суытады
Аномальды жылудан кейін суытады.
14:41 15.03.2019
Қазгидромет 16-18 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынады. Ауа температурасы климаттық нормадан 5...13°С жоғары аномальды жылы ауа райынан кейін Қазақстанға суық антициклон ауып келеді. Соның нәтижесінде республиканың көптеген облыстарында температура төмендейді.
Бірақ антициклон кірер алдында Қазақстан арқылы жылжитын суық атмосфералық фронттардың әсерінен кей жерлерде жауын-шашын болады. Жаңбыр, жылбысқы қар жауады. Жел күшейіп, әдеттегідей көктемнің алдында түнде және күндіз тұман түседі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!