Қостанайда автокөлік өртеніп, жүргізушісі қаза тапты
Қостанай облысында жеңіл автокөлік өртеніп, бір адам көз жұмды.
15:53 15.03.2019
Ақпаратты облыстық полиция департаменті растады. Оқиға 14 наурыз күні кешке «Қостанай-Сарыкөл» тасжолында болған.
«32 жастағы Алтынсарин ауданының тұрғыны «ВАЗ-2111» автокөлігімен Обаған ауылына шыққан. Көлігі тас жол үстінде өртеніп кеткен. Алдын ала болжам бойынша, кісі өлімі көмірқышқыл газының әсерінен болған», - дейді полиция департаменті таратқан хабарламада.
Қазіргі уақытта өрт-техникалық сараптамасы тағайындалды. Зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!