Полина Иванова жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында алтын алды
Гонконгта өтіп жатқан жеңіл атлетикадан 18 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық Полина Иванова алтын медаль жеңіп алды.
17:44 15.03.2019
Ол сырықпен секіруде алдына жан салмай, 3.80 метрді бағындырып, сары құрлық чемпионы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz. Айта кетелік, тағы бір қазақстандық спортшы Василиса Фахрутдинова 2000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден күміске қол жеткізген еді.
Гонконгтағы Азия чемпионаты 15-17 наурыз аралығында өтеді. Қазақстан атынан құрлық додасына 17 жас атлет қатысуда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!