Жаңа Зеландияда қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ
Жаңа Зеландиядағы террористік акт салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ.
08:29 16.03.2019
«Біздің дипломаттар жергілікті билікпен тұрақты байланыста. Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің толық тізімі әлі жарияланбаған», - делінген министрлік хабарламасында.
Еске сала кетейік, Крайстчерч қаласы мен Линвуд қала маңындағы елді мекеніндегі мешіттерге күндізгі намаздан кейін ондағы келушілерге оқ атқан. Екі мешітке жасалған шабуылдан көз жұмғандардың саны 40-қа жеткен болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!