{metadescription}
0:000:00

Данияр Елеусінов алтыншы рет жеңіске жетті

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (5-0, 3 КО) кәсіпқой рингтегі алтыншы жекпе-жегін өткізді.

Отандасымыз Филадельфиядағы (АҚШ, Пенсильвания штаты) Liacouras Center аренасында өткен бокс кешінде жұдырықтасты. Елеусінов жартылай орта салмақта 36 жастағы мексикалық Сильверио Ортиспен (37-23, 18 КО) қолғап түйістірді.

Жартылай орта салмақтағы айқас сегіз раундтан тұрды. Нәтижесінде ол төрешілердің бірауызды шешімімен ұпай саны бойынша Даниярдың пайдасына аяқталды.

Осылайша, қазақстандық боксшы профи-рингте алтыншы рет жеңіске жетті. Ол алдыңғы үш жекпе-жегін нокаутпен аяқтаған болатын. Сильверио Ортис болса, өз мансабында 24-інші рет жеңілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде