13 жасар қызын зорлаған ер адам он үш жылға сотталды
Түсік жасатуға қарсы күресіп жүрген адам 13 жастағы қызын зорлап тастады
08:06 17.03.2019
Ресейдің Новосибирск қаласының тұрғыны кәмелетке толмаған қызын зорлағаны үшін 13 жылға сотталды. Тергеушілердің айтуынша, ер адам қызын 13 жасында азғындыққа итермелеген.
Қыз ешкім сенбей қоя ма деп қорқып, бірнеше жыл бойы іштен тынып келген. Ал әжесі немеремді анасы өтірік айтуға итермеледі дейді. Ер адам туу көрсеткішін жақсартуды және салауатты өмір салтын ұстануды белсенді түрде қолдап жүргені белгілі болды.
"Максим мен біздің отбасымыздың ерікті қызметін көп адам көрді. Ол абортқа қарсы қозғалысқа қатысып, адамгершілік, адалдық секілді құндылықтарды нығайтуға күш салды (...).Ол әкесіне жала жауып отыр. Мұны әкесі мен бізді құртып жібергісі келетін анасы үшін жасап отыр", - дейді қыздың әжесі.
Айыпталушы сот шешімімен келіспей, үкімге шағымданатынын мәлімдеді.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!