Канададағы бокс кешінде Жүкембаев пен Сабыров жеңіске жетті
Нұрзат Сабыров (8-0, 7 КО) пен Батыр Жүкембаев (14-0, 12 КО) кәсіпқой рингтегі кезекті жекпе-жектерінде жеңіске жетті.
11:44 17.03.2019
Супер орташа салмақ дәрежесінде жұдырықтасып жүрген Сабыровтың кездесуі сегіз раундтан тұруы тиіс болатын. Ол 32 жастағы аргентиналық боксшы Сесар Эрнан Рейносоға қарсы жекпе-жекке шықты.
Судья жетінші раундта боксшыларды тоқтатып, Сабыров жеңіске жетті: алтыншы раундта Нұрзат қарсыласын нокдаунға түсіріп, аргентиналықтың басы қанап кеткен болатын. Қазақ боксшысы үшін бұл - тоғызыншы жеңісі, сегізінші нокауты. Рейносо карьерасында он екінші рет ұтылды.
Ал бірінші орта салмақта айқасқан Батыр Жүкембаевтің қарсыласы мексикалық Хильберто Меса (10-5-1, 6 КО) болды. Он раундтық жекпе-жекте төрешілердің бірауызды шешімімен қазақ боксшы жеңіске жетті.
Осылайша, Батыр кәсіпқой рингтегі 15-інші жеңісіне қол жеткізді. Ал оның қарсыласы алтыншы рет жығылды. Қазақстандық қос боксшы жекпе-жектері алдында салмақ өлшеу рәсімінен өткенін жазған болатынбыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!