Танымал ресейлік әнші көз жұмды
Ресейлік әнші Юлия Началова қайтыс болды.
12:17 17.03.2019
Бұл туралы оның пир-директоры Анна Исаева Instagram желісіндегі парақшасында жазды. Әншінің қант диабетімен сырқаттанғаны белгілі. Наурыздың 11-і күні қант деңгейі күрт өсіп, аяғы іріңдей бастаған әртіс ауруханаға жеткізілген. 13 наурызда ол жасанды комаға түсті. Сенбі ота жасалған соң, әнші есін жимастан ауруханада көз жұмды.
Юлия Началова 1981 жылы 31 қаңтарда дүниеге келген. Бес жастан бастап кәсіби сахнада ән шырқай бастады. Жас әншінің шығармашылық өміріндегі маңызды оқиға 1991-1992 жылдары "Утренняя звезда" телевизиялық байқауына қатысып, жеңіске жетті. "Учитель", "Белая сирень", "Любить тебя", "Я выбираю", "Для тебя", "Герой не моего романа" әндерінің орындаушысы.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!