Үш облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Елімізде қардың еруіне байланысты үш өңірде дабылды ескерту жариялады.
16:53 17.03.2019
Синоптиктердің болжамынша, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Қостанай облыстарында өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін.
"18-20 наурыз аралығында Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Қостанай облыстарында қар еріп, мұз қабаты сөгіліп, өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін", - деп ескертті "Қазгидромет".
Осыған дейін ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин Қазақстанның қай өңірін осы көктемде су басуы мүмкін екенін айтты.
"Біздің Ресей ТЖМ-нен келген әріптестеріміздің мәліметі бойынша, Саратов және Орынбор облыстарының аумағында орналасқан су басуды қалыптастыруы мүмкін үлкен қар қоры мен ағындар БҚО-да су тасқынына алып келуі мүмкін. Қажет болған жағдайда күш-жігерді көмек қажет ететін өңірлерге көшіру жоспарланып отыр", - деді Ильин.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!