{metadescription}
Самал Еслямова «Азияның үздік актрисасы» атанды

Самал Еслямова «Азияның үздік актрисасы» атанды

Қазақстандық актриса Самал Еслямова Гонконгта өткен Азия киноакадемиясында (Asian Film Awards Academy) «Азияның үздік актрисасы» сыйлығына ие болды.

Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы фейсбук парақшасында жазды.

«Жаңа ғана режиссер Сергей Дворцевойдан керемет жаңалықты естідім. Гонконгта өткен Азия киноакадемиясында (Asian Film Awards Academy) Самал Еслямова «Азияның үздік актрисасы» сыйлығына ие болды», - деп жазды министр.

Арыстанбек Мұхамедиұлының сөзінше, Asian Film Awards Academy азиаттықтар арасында "Оскар" жүлдесіне тең. Министр өз кезегінде шығармашылық топты жеңістерімен құттықтады. Естеріңізге салайық, Самал Еслямова 71-Канн кинофестивалінде "Айка" фильміндегі үздік әйел рөлі үшін жүлдеге ие болған еді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде