Әйел 9 минутта 6 баланы өмірге әкелді
АҚШ-тың Техас штатының тұрғыны тоғыз минуттың ішінде алты баланы дүниеге әкелді.
11:28 18.03.2019
Бұл туралы The Woman's Hospital of Texas клиникасының Facebook желісіндегі парақшасында хабарланды. 15 наурызда жергілікті уақыт бойынша таңғы 4:59-да екі қыз және төрт ұл бала дүниеге келген.
Көпбалалы ана мен оның сәбилерінің денсаулықтары жақсы. Сәбилердің салмақтары 800-1300 грамм аралығында. 6 баланың төртеуі қыз, екеуі ұл. Дәрігерлердің айтуынша, әлемде 1 млрд адамның біреуі ғана 6 баланы бірден өмірге әкеле алады екен. Чиака қыздарына Зина және Зуриэль деп есім берген. Алайда ұлдарына әлі есім тауып үлгермеген екен.
Ақпан айында осыған ұқсас жағдай Иракта да орын алған. 25 жастағы ана 6 қыз 1 ұл босанған. Дегенмен, дүниеге келгеннен бірнеше күннен кейін 7 бала да ауруханада көз жұмған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!