{metadescription}
Ислам Әбішев қамауға алынды

Ислам Әбішев қамауға алынды

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішев қамауға алынды.

Сот 16 наурызда шенеунікке қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.

«Астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Ислам Әбішевке қатысты 2 айға - 2019 жылдың 14 мамырына дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады», - деп хабарлады Астана сотының баспасөз қызметінің өкілдері.

Ол 14 мамырға дейін екі ай бойы қамауда болады. Сот өкілдері тергеуге байланысты басқа ақпаратты және шенеунікке қандай айып тағылғанын жария ете алмайтындарын жеткізді. Еске салайық, 15 наурызда Ислам Әбішевтің қызметтен шеттетілген болатын. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.