{metadescription}
Трамвайда атыс болып, бірнеше адам жарақат алды

Трамвайда атыс болып, бірнеше адам жарақат алды

Нидерландының Утрехт қаласында трамвайда болған атыс салдарынан бірнеше адам жарақаттанды.

Полиция мен санитарлық авиация қызметінің дерегіне сәйкес, оқиға 10:45-те 24 қазан күні болған.

«Оқғиа Утрехт қаласында Октоберплейн 24 мекенжайында болды. Бұл туралы 10:45-те хабарланды. Бірнеше адам жарақат алды. Оқиға болған аумақ қоршауға алынды, қазір тергеу жүріп жатыр», - деп хабарлады полиция Туиттерде.

NOS агенттігінің хабарлауынша, құрбандардың нақты саны әзірге белгісіз. Нидерландының қауіпсіздік және терроризмге қарсы күрес агенттігі де тергеуге тартылды. Утрехт провинциясында террористік қауіптілік деңгейі 5-ке дейін көтерілді. Оқиға орнында қарулы полицейлер бар. Санитарлық авиация қызметі атыс болған жерге үш тікұшақ жіберді.

«Куәгерлердің айтуынша, ер адам қаруын шығарып, бәріне оқ жаудырған. Кейін оқиға орнынан кетіп қалған», - деп хабарлады полицияда.

Олар Renault Clio қызыл түсті көлікті іздеп жатыр. Жергілікті БАҚ полицияның әзірге ешкімді тұтқындамағанын хабарлады. Айта кетейік, Утрехт қаласы - Амстердамнан оңтүстік-шығысқа қарай 40 шақырым жерде орналасқан Нидерландыдағы ауқымы бойынша төртінші қала.   

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.