{metadescription}
Алматы облысында көлік апатынан екі адам мерт болды

Алматы облысында көлік апатынан екі адам мерт болды

Наурыздың 17-нен 18-не қараған түні Алматы-Өскемен тас жолының 170 шақырымында көлік апаты болды. 

«БМВ» маркалы көлігімен «Камаз» жүк көлігінің соқтығысуынан екі адам көз жұмып, бір жасқа толмаған кішкентай бала ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Алдын-ала болжам бойынша,  Камазға соғылған «БМВ»  көлігі артынша жанып кеткен. Жеңіл көлікте болған ерлі-зайыпты қайтыс болды. Ал аман қалған кішкентай баласы Көксу аудандық ауруханасына жеткізілген.

«Қазір аталған факті бойынша, ҚР ҚК 345 бабы негізінде сотқа дейінгі тергеу басталды. Аталған факті облыстық Полиция департаментіндегі Анықтау басқарамасының өндірісінде», -деп мәлімдеді Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Алдын-ала мәлімет бойынша, «Камаз» жүргізушісі зардап шекпеген және ішімдік ішпегені анықталды. Биресми мәліметке сәйкес, «БМВ» автокөлігі жолдың қарсы бетіне шығып, Камазға келіп соғылған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.