{metadescription}
Алматыда аурухананың бас дәрігері пара алған

Алматыда аурухананың бас дәрігері пара алған

Алматы орталық ауруханасының бас дәрігері Нұрлан Тұрдалин 2 айға қамауға алынды.

«ҚР ҚК 366-бабының 2-бөлімі негізінде айып тағылды. Лауазымды шенеунік аса ірі көлемде пара алды деп күдікке ілініп отыр. Қамау мерзімі 13 наурыздан бастап есептеледі», - деп мәлім етті соттың баспасөз қызметінен. 

Нұрлан Тұрдалин 5 іргелі медициналық мекемеде басшылық қызметтер атқарған. 2017 жылдың 1 ақпанынан бастап «Алматы орталық клиникалық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында бас дәрігер қызметін атқарып келді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.