БҚО-да колледж директоры өз-өзіне қол жұмсады
Батыс Қазақстан облысында колледж директоры өзіне-өзі қол жұмсады.
14:55 19.03.2019
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше Бәйтерек ауданы Калинин ауылында орын алған. Сағат 12.30-да өзіне қол жұмсаған ер адамның мүрдесі табылды. Ер адамның Бәйтерек ауданы Калинин аулындағы колледж директоры қызметін атқарған.
«Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр. Мән-жайы анықталуда», - дейді БҚО білім басқармасындағылар.
Аталған факт ҚР ҚК «Өзіне қол жұмсауға жеткізу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарының бірыңғай тізімдемесіне тіркелді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!