Оралда оқушы қыз 7 қабаттан секіріп аман қалды
Қайғылы оқиға 18 наурыз күні болған.
15:26 19.03.2019
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше сағат 11.30-дар шамасында орын алды. Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқушы осы арқылы өзіне қол жұмсағысы келген.
"Өз-өзіне қол жұмсау оқиғасы 18 наурыз күні 11.30-да Орал қаласындағы көп қабатты тұрғын үйдің бірінде болды. Қыз бала жетінші қабаттан секіріп кетті", - деді полиция.
«Абырой болғанда, қыз бала аман қалды. Ол қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді», деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне департаменттің баспасөз қызметінен. Қазіргі кезде Орал қалалық полиция басқармасы осы оқиға бойынша тергеу амалдарын жүргізуде. Еске салайық, Алматы облысында үш жасар қыз бала төртінші қабаттың балконынан құлап кеткен болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!