{metadescription}
Отандық ғалым ет жемеуге кеңес берді

Отандық ғалым ет жемеуге кеңес берді

Ғалымның пікірінше, бүгінде сапасыз ет қатерлі ісіктің өршуіне себеп болып отыр. 

Қазір кейбір малдың дәрімен семіртілетіні туралы жиі айтыла бастап, денсаулығына алаңдаған елдің дегбірі қашып жүр. Кандидаттық диссертациясын мал етін өсіретін гормонның бірін зерттеуге арнаған ауылшаруашылығы ғылымының докторы, профессор Айбын Төреханов, өкінішке қарай, мұндай жайттың бізде кездесетінін айтады.

"Бар ғой ондай дәрілер. Түрі көп. Сұйық түрінде егетіні бар, ұнтақ түрінде жемге араластырып беретіні бар. Кей адамда сатылымда болғаннан кейін неге пайдаланбасқа деген арам ой келеді. Әрине, оны зиян деп кесіп айтуға тағы болмайды. Өйткені гормондардың әр адамға әсері әртүрлі. Сондықтан оны медицина саласындағы мамандар бағалағаны жөн", - дейді ол.

Дегенмен ғалым мұндай келеңсіз жайттың белең алуына түбегейлі қарсы екен. Оның пікірінше, бұған еліміздің ауылшаруашылығы саласының таңдаған даму жолы себеп.

Ең дұрысы – ет жемеу

"Дүкенге, базарға барсаңыз қазір ГМӨ тағамдар қаптап тұр. Әрине, оның бәрі денсаулыққа зиян. Тіпті, мал етінің, мал өнімдерінің денсаулыққа зиян екенін жапон ғалымдары дәлелдеп жатыр. Ол обыр дертін дендетеді. Қазіргі қатерлі ісіктің өршуіне біздегі осы сапасыз тамақ себеп", - дейді ол.

"Осы күнге дейін еш жері ауырмай-ақ ата-бабамыз мал етін жеп келді. Енді не болып қалды, оны неге зиян деп жатыр" деген заңды сауал туары сөзсіз. Оған ғалым былай жауап береді:

"Ол бұрын. Ол кезде қазақ даласында зауыт, фабрика деген болмаған. Қазіргідей қаптап жүрген автокөлік те жоқ-тұғын. Әскери горнизондар да жоқ, қоршаған ортаны былғап жатқан бүгінгідей. Мысалы, Семей полигонын алайық. Оның жер қыртысындағы улы қалдықтарының күші 200 жылдан кейін ғана жойылады. Бұл ғалымдар тұжырымы. Демек, ол арада мал түгілі адамның тұруына болмайды. Бірақ тұрып жатыр халық, мал-жанын өсіріп жатыр. Ал ол арада өскен малдың еті зиян емес деп кім айта алады? Байқоңырдың маңы да сол...".

Ауылшаруашылығы ғылымының докторы соңғы кездері өзінің мал етінен бас тартып, вегетериандыққа бет бұрғанын да айтты.

"Өмір бақи ет жеп келе жатқан халыққа "ет жеме" деп қалай айтасыз. Оған аузың да бармайды. Бірақ ол зиян ғой. Өз басым соңғы кездері көк-сөкке көштім. Халықаралық тәжірибе де вегетериандықтардың көп жасайтынын дәлелдеп берген. Ал еттен бас тарта алмайтындарға соғымды жайлаудан алдыртуға кеңес беремін. Зауыт, фабрика секілді зиянды өндіріс ошақтары жоқ жерден", - дейді ол.

Дереккөз: Sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде