{metadescription}
Газдалған сусын адам өміріне аса қауіпті

Газдалған сусын адам өміріне аса қауіпті

Гарвард университетінің ғалымдары жүздеген адамның қатысуымен ауқымды зерттеу жүргізді.

Газдалған сусын мен басқа да қант қосылған сусындарды артық мөлшерде қолдану ерте жастағы жүрек, қан тамырлары ауруларын, сондай-ақ қатерлі ісік ауруларына шалдықтыруы мүмкін. Зерттеуге денсаулығын ұзақ мерзімді бақылауға келіскен 100 мыңнан астам медицина қызметкері қатысты. Қатысушылардың денсаулығы әр екі жыл сайын тексеріліп отырған.  

Айына 1-4 қантты сусын ішкен адамда өлім қаупі 1 пайызға артады. Ал аптасына 2-6 сусын бұл көрсеткішті 6%-ға, күніне 1-2 - 14%-ке, күніне 2 сусыннан асса, 21 процентке ұлғайтады. Сусынның салдары ерлерге қарағанда, әйелдерде көбірек байқалған.

Жастай өмірден озудың басты себебі – қан-тамыр аурулары. Тәтті сусындарды жиі ішетіндерде бұл қауіп 31 процентке артық. Сусынның әрқайсысы бұл қауіпті 10 пайызға ұлғайта түседі. Зерттеу кезінде  қант алмастырушы қосылған сусындарды ішу өлім қаупін азайтатыны анықталды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде