Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет басшысы қызметін атқарады
Парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет басшысы қызметін уақытша атқаратын болды.
19:53 19.03.2019
Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев өз үндеуінде мәлімдеді. Конституцияға сәйкес, президент өкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқтауы жағдайында, мемлекет басшысының міндеті Сенат төрағасына өтеді. Осы орайда, Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауға дейін Қазақстан президенті қызметін атқаратын болады.
«Ол менімен басынан бастап бірге жұмыс істеп келеді. Барлық бағдарламалар оның қатысуымен жүзеге асып келді. Ол Қазақстан билігін сеніп тапсыруға болатын адам», - деді Назарбаев.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!