Маңғыстауда бүлдіршіннің кеңірдегіне тиын тұрып қалған
Бейнеу ауданында 2 жасар баланың кеңірдегінен 10 теңге тиын алынды.
08:45 20.03.2019
МО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі хабарлағандай, Бейнеу аудандық ауруханасының қабылдау бөліміне бүлдіршін жөтеліп, дем алысы қиындап түседі. Қыз бала тыныс ала алмайды. Дәрігерлер рентгенге түсіріп, оның тиынды жұтып қойғанын анықтады.
«Бейнеу аудандық ауруханасының дәрігерлері облыстық бөлімге жібермей, өздері «Катетер Фолеяны» қолданып, тиынды кеңірдегінен шығаруға шешім қабылдайды. Директордың айтуынша, ол бұл әдісті испандық дәрігерлерден үйренген. Қазір бүлдіршіннің жағдайы жақсы»,- деп хабарлады баспасөз қызметі.
Дереккөз: Қазақпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!