Сәния Темірханова «Қазақ аруы - 2019» атанды
Астанада «Қазақ аруы - 2019» байқауының жеңімпазы анықталды.
10:47 20.03.2019
Финал 19 наурызда Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Биыл байқауға Павлодар облысының атынан шыққан Сәния Темірханова жеңімпаз атанды. Бірінші орынды қарағандылық Айханым Орынбекова, екінші орынды астаналық Анна Вайдурова иеленді, ал үшінші орынды қазылар алқасы Павлодар өкілі Сая Тұрсынбековаға берді.
Еліміздің ең сұлу аруы атағы үшін әр аймақтан келген 18 қыз бақ сынасты. Бұл жобаға қатысу үшін қыздардың көрікті, шашы ұзын болуы ғана емес, қазақ халқының салт-дәстүрлерін білуі қажет. Негізгі талаптардың бірі - мемлекеттік тілді еркін меңгеру. Сәния Темірханова Мұқағали Мақатаев пен Абай Құнанбаевтың өлеңдерін мәнерлеп, жатқа оқыды.
Байқау бағдарламасына сәйкес, қыздар шығармашылық және білім сайысына түсті. Үшінші кезеңде қазақстандық дизайнерлердің көйлегімен сән көрсетті. Қазылар алқасының құрамында Ерік Жолжақсынов, Қарақат Әбілдина, Баян Алагөзова, Динара Сәтжан, Айгүл Мүкей, Бірғаным Әйтімова болды. Жобаның бас продюсері Баян Мақсатқызы екенін айта кетейік.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!