Тоқаев Астананы Нұрсұлтан деп атауды ұсынды
Бүгіннен бастап Президент міндетін уақытша атқаруға кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласының атауын Нұрсұлтан деп өзгерту туралы ұсыныс жасады.
13:01 20.03.2019
«Біздің ұлы замандасымыздың, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімін келесі жолдармен мәңгі есте қалдыру дұрыс деп санаймын. Біздің астана Президентіміздің есімімен Нұрсұлтан деп аталуы керек. Мұндай ұсыныстар бұрын, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы тұсында да парламентерийлермен, Парламент депуттарымен айтылған болатын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұдан бөлек Нұрсұлтан Назарбаевқа айрықша ерекшелік белгісі «Алтын жұлдыз» орденін тапсыра отырып, «Халық қаһарманы» атағы берілді. Еске салайық, Бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Республика Президенті өкілеттігін уақытша атқаратын Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ант берді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!