Алматы соты Жомарт Ертаевты қамауға алды
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Жомарт Ертаевтың қамауға алды.
14:26 20.03.2019
«Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Медеу аудандық сотының 7 наурыздағы Жомарт Ертаевты қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын негізді деп қабылдады. Қамауда ұстау мерзімі 2019 жылдың 15 наурызынан 15 мамырға дейін жалғаспақ. Үйқамақта ұстау туралы өтініш қанағаттандырылмады. Отырыс күдіктінің қатысуымен өтті»,- деді соттан.
Еске сала кетсек, 14 наурызда Ресей Федерациясының Жоғарғы соты банкирдің қорғаушысының шағымын қайтарып, экстрадициялау туралы шешімді күшінде қалдырды. Артынша Ертаев Қазақстанға жеткізілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!