Астана атауын Нұрсұлтанға ауыстыру шешімі қабылданды
Астана атауын Нұрсұлтанға ауыстыру шешімі қабылданды.
15:21 20.03.2019
"Нұр Отан" партиясы төрағасының орынбасары Мәулен Әшімбаев президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астананы Нұрсұлтан деп өзгерту туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді.
"Астана - бұрынғы облыс орталығы, бұрынғы Целиноград, Ақмола. Ал қазір Астана - Еуразиядағы дамыған қалалардың, әлемдік ірі орталықтың бірі болып табылады. Біз ол ұсынысты қолдаймыз, астаналықтарды, барша қазақстандықтарды осы қала атауының өзгертілуімен құттықтаймыз", – деді ол.
Журналистер Әшімбаевтан шешім қабылданды ма деп сұрады. Депутат бұл сауалға иә деп жауап қатты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!