Назарбаев пен Медведев тұрақты байланыстарды жалғастыратын болды
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесті.
19:13 20.03.2019
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Әңгімелесу барысында Ресей Үкіметінің басшысы Дмитрий Медведев Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастарды қалыптастырудағы және Еуразиялық интеграцияны дамытудағы тарихи рөлін жоғары бағалады. Нұрсұлтан Назарбаев пен Дмитрий Медведев алдағы уақытта тұрақты байланыстарды жалғастыра беруге уағдаласты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!