Ішінде сәбиі бар ерекше нәресте өмірге келді
Колумбияда "егіз паразитті" нәресте туды.
11:07 21.03.2019
Колумбия тұрғыны ерекше сәбиді өмірге әкелді. Оның сәбиінің ішінде тағы бір сәби бар болып шықты. Моника Вега УЗИ-ге тсүкен уақытта нәрестенің денесінде әлдене жабысып тұрғанын байқады. Дене өз кіндігіне біткен. Дәрігерлер мұны эмбрионға жабысқан эмбрион деп болжады. Бірі егізі деп топшылады. Дәрігерлер әйелдің 37 апталық жүктілігі кезінде кесарь тілігін жасады.
Жаңа туған нәрестеге ота жасап, жабысқан денені алып тастады. Хирург Мигель Парр уақыт жоғалтпай ота жасау керек болғанын ескертті. Себебі "паразит" сәбидің өміріне зиян келтірген.
Алынып тасталған дененің жүрегі мен миы болмаған. Өздігінен өмір сүре алмайтын еді. Дәрігерлердің айтуынша, мұндай жағдай өте сирек, 1 млн адамның бірінде кездеседі екен. Мамандардың айтуынша, дене сәби өмірге келместен бұрын пайда болған. Сонысымен де таңғалдырып отыр.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!